×

Қазақша үйреніп жүрген ресейлік Ксения көпшілікті тәнті қылды

"Қазақ тіліндегі сүйікті сөзім – "бостандық"

Қазақша үйреніп жүрген ресейлік Ксения көпшілікті тәнті қылды

Қазақстанға қоныс аударған Ксения есімді тик-ток қолданушысы желіде көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Видеоларында ол қазақ тілін үйреніп жүргенін және қазақ поэзиясы мен өнерін ұнатқанын айтады. Ол Ресейден отбасымен бірге Мәскеу қаласыннан көшіп келген. Қазір Алматы қаласында тұрады. 

“Міне, тамаша! Жарайсың”, “Осы бетіңнен қайтпа”, “Қазақша жақсы сөйлейсің”,- деп пікір жазады желі қолданушылары. 

Сондай-ақ, ол Қазақстанның табиғатына ғашық екенін жеткізді.

“Құрметті, қазақтар! Сіздер өте бақытты халықсыздар! Осындай сұлу табиғатта өмір сүріп жатырсыздар. Мен Қазақстанды өте қатты жақсы көремін. Қазақ тіліндегі сүйікті сөзім – “бостандық”. Қалай әдемі естіледі”, – деді ол.

Одан бөлек, ол бос уақытында қазақ асханасының тағамдарын әзірлеумен айналысатынны айтты.

“Бүгін мен қазы дайындадым. Дәмі керемет! Асылған етті де өте жақсы көремін”, – деді ол видеоларында.

Ресейде ішінара мобилизация жариялағаннан бері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше Қазақстанға 830 мыңнан астам ресейлік азамат келген. Бүгінгі таңда, көші-қон комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда шамамен 298 мың ресейлік бар. Оның ішінде 30 мың адам еңбек шартына сәйкес жұмыспен қамтылған. 

Алматы қаласында Qaz365.kz редакциясы көше репортаждарын түсіру кезінде көшелерде қолжүгімен жүрген ресейлік азаматтармен көп тілдескен еді. Алайда, олар ашық әңгімелесуден қашып, “Қайдан келдіңіз?” “Не үшін келдіңіз?” деген журналистердің қойған сұрақтарына “Өздеріңіз білесіздер ғой” деп тек тұспалдап жауап берумен шектеледі. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →