×

Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атынан кредит алған

Келтірілген залал шамамен 16 миллион теңгеден асады

Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атынан кредит алған
polisia.kz

Жетісу облысында бірқатар алаяқтыққа қатысы бар жатақхана коменданты жазаланады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтық деректері бойынша арыздар Талдықорған полициясына 2022 жылдың қазанында түсе бастаған. Тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен студенттік жатақханалардың бірінің бұрынғы комендантын ұстады.

Қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық істі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("Алаяқтық") бойынша жүргізілген. Комендант әйел үш банкте және бірнеше микрокредиттік ұйымда тауар-ақшалай кредиттерді алаяқтық жолымен ресімдеген деп күдіктеледі. Принтер, теледидар, кондиционер, ұялы телефон түрінде алған және басқа да тауарлар кейіннен сатылған.

"Бүгінде қылмыстық істе 18 жәбірленуші бар, олардың негізгі бөлігі - студенттер. Келтірілген залал шамамен 16 миллион теңгеден асады. Жақын арада сотқа жіберу үшін материалдарды дайындаймыз", – деді Талдықорған ҚП бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →