×

Дидар Смағұлов Астанадағы жемқорлық туралы: Бұл - Көлгіновтен қалған мұра

Тек анықталған шығын көлемі шамамен 10 млрд теңгені құрайды

Дидар Смағұлов Астанадағы жемқорлық туралы: Бұл - Көлгіновтен қалған мұра
коллаж: qaz365.kz

Дидар Смағұлов Facebook парақшасында Көлгінов басқарған кезеңде елордалық Антикор 278 қылмыс тіркегенін, оның 203-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тек анықталған шығын көлемі шамамен 10 млрд теңгені құрайды.

"Соңғы бір жыл бойы айқайлап жүргеніміздің бәрі естіліп, нақты ескертулерде көрініс тапты. Ең қызығы, бұған басты кінәлі елорданың бұрынғы әкімі вице-премьер болып отырып тыңдады. Аяқталмаған нысандардың, жөндеулердің, шешілмеген мәселелердің негізгі бөлігі дәл 2019-2022 жылдар аралығында туындады», - деп жазды ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Астананы дамытуға арналған кеңесте президент әкімдіктің барлық дерлік іс-әрекетін сынға алған болатын. Тұрғын үй құрылысы, жер бөлу, LRT құрылысы, абаттандыру, қар тазалау және инфляция, су тапшылығы мен заңсыз құрылыс мәселелері сынға алынды.

Бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығын басқарған Дидар Смағұлов «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры қызметін атқарады.

Әкімдік «Әділдік жолына» абаттандыруға кететін шығындарды қадағалап, оларды ашық көрсететінін айтқан. Сондай-ақ олар қар тазалау жұмыстарының орындалуын бақылауды цифрландыру бойынша ұсыныстарды зерделеуге уәде де берген. Соңғы 3 жылда бұған 50 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →