×

Қаңтар оқиғасы кезінде полиция қызметкерлерін көлігімен қақты деп айыпталған азамат 15 жылға сотталды

Оған 2 бап бойынша айып тағылды

Қаңтар оқиғасы кезінде полиция қызметкерлерін көлігімен қақты деп айыпталған азамат 15 жылға сотталды
видеодан скриншот

1 ақпанда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 адамға үкім оқылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

18 адамның ішінде ең ауыр айып тағылғаны – Нұрсұлтан Исаев. Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Исаев "Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу" (380-1 бап, 2-бөлігі) және "Жаппай тәртіпсіздікке қатысты" (272-бап, 2 бөлігі) деп айыпталған еді. Бұған дейін айыпталушының туыстары прокуратураға шағымданып, Исаев қаңтар кезінде халықпен бірге алаңға шыққанын, ешқандай қылмыс жасамағанын айтқан. Исаевтың өзі тергеу изоляторында аштық та жариялаған. 1 ақпанда сот оның кінәсі дәлелденгенін айтты.

Журналист Жанагүл Жүрсін Facebook парақшасында үкім оқылған сәттің видеосын жариялады.

“Не үшін, айтыңыздаршы?! Мен ешкімді өлтірмедім ғой”, – дейді видеода Нұрсұлтан Исаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →