×

Шымкент полициясы қылмыстық топтар арасындағы қарулы қақтығыстың алдын алды

Ер адам өзін пневматикалық қарумен жаралаған қылмыскерлерден кек алмақшы болған

Шымкент полициясы қылмыстық топтар арасындағы қарулы қақтығыстың алдын алды
polisia.kz

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының полицейлері қылмыстық топтар арасындағы қарулы төбелестің алдын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның қатысуымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы бірнеше мекенжайда күдіктілерді ұстау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде полицияға 25-38 жас аралығындағы 10 адам жеткізілді. Олардың үшеуі сот шешімімен қамалды, екеуі үйқамаққа алынды. Қалғандарының рөлі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.

Олардан заттай дәлелдемелер ретінде Макаров және ТТ тапаншалары, 4 травматикалық тапанша, АК-103 автоматы, 12 калибрлі МЦ 21-12 өздігінен оқталатын мылтығы және 410 калибрлі өздігінен оқталатын Сайга-410 карабині, 16 калибрлі қос ауызды тегіс ұңғылы ТОЗ мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 93 оқ-дәрі тәркіленді.

Тергеушілер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осы жылдың қаңтар айының басында бір топ адам жергілікті тұрғынды ұрлап, қала сыртына алып кеткенін анықтады. Олар оны ұрып-соғып, пневматикалық қарумен жаралаған.

Ер адам заңды түрде полицияға жүгінудің орнына, қылмыскерлерден кек алу мақсатында өзінің таныстарын қаруландырып, қару-жарақ ала бастаған. Бірақ полицияның кәсіби және жедел әрекетінің арқасында адам шығынына әкеп соғуы мүмкін қарулы қақтығысты тоқтату мүмкін болды.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Шымкент қаласы ПД-ның тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі (Адамдар тобының атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алуы, сақтауы, алып жүруі немесе тасымалдауы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →