×

Ауыл әкімі су ортасында қалған жүкті әйел мен 7 жасар баланы құтқарды

Оқиға Бәйдібек ауданында болған

Ауыл әкімі су ортасында қалған жүкті әйел мен 7 жасар баланы құтқарды
ашық дереккөзден

Тасқын су ортасында қалған жүкті әйел мен баланы ауыл әкімі беліне арқан байлап қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлады Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Бәйдібек ауданында болған. Шаян-Мыңбұлақ облыстық маңызы бар автожолмен келе жатқан ВАЗ-2106 автокөлігі қырдан аққан ағын судың әсерінен жолдан шығып кеткен. Автокөлік ішінде 39 жастағы ер азамат және 33 жасар жүкті әйел мен 7 жасар бала болған. Олар қорыққанынан көлік үстіне шығып, көлікті паналаған.

Бұл жайында түсірілген видео әлеуметтік желіде де тарады. Онда адамдарды көлікпен бірге су ағызып бара жатқанын көруге болады. Жағада тұрғандар құтқаруға әрекеттеніп, көмек береді. Кеңес бойынша олардың бірі суға секіреді. Алайда ол біршама жерге ағып кеткен.

«Кейін машина үстіндегі қалған әйел мен баланы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев беліне арқан байлап су ортасынан алып шықты. Қазір олар аудандық орталық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер бақылауында» – дейді Бәйдібек ауданы әкімдігі таратқан ақпаратта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →