×

Түркістан облысындағы су басқан аумақтан 200-ден астам адам эвакуацияланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Түркістан облысындағы су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай туралы мәлімет таратты

Түркістан облысындағы су басқан аумақтан 200-ден астам адам эвакуацияланды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Түркістан облысындағы су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта бес елді мекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен үйлерді су басуының алдын алу үшін 13 000 құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 430-дан астам адам, 70-ке жуық бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 201 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.

Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады.

Облыстық және республикалық жедел штабтар қызмет көрсетуде. Облыстық және республикалық жедел штабтар базасында «Жедел желі» телефоны ашылды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, температура көтеріледі. Өз кезегінде бұл жағдай қардың тез еріп, мұздың әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →