×

Түркістан облысындағы су басқан аймақты дронмен көрсетті

Төтенше жағдай жарияланды 

Түркістан облысындағы су басқан аймақты дронмен көрсетті
ҚР ТЖМ

ТЖМ бөлімшелері Түркістан облысында су тасқыны салдарын жою мақсатында түні бойы жұмысын жалғастырды, бірақ бүгін де жауын толассыз жауып тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған видеода үйлер су айдынына жақын салынғанын, бұл үйлерді су басу қаупі әу бастан жоғары екенін көрсетеді.

Қазір Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай арнасында еріген қар суы мен жаңбыр суы молынан тасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері түні бойы суды сору және инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жалғастырды.

Бұл ретте "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі - жаңбыр, қар, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы, қардың қарқынды еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →