×

Елімізде бір миллионнан астам отбасының табысы күнкөріс минимумына жетпейді

Өткен жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері - 46,7 мың теңге

Елімізде бір миллионнан астам отбасының табысы күнкөріс минимумына жетпейді
azh.kz

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де нашар отбасылар көбейген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Finprom.kz ресурсының дерегінше, табысы ең төменгі күнкөріс минимумынан төмен отбасылар саны бір жылда 5%-ға өскен. Бұл дегеніміз миллионнан астам адам.

Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының саны жыл ішінде 4,5% (180,9 мың) дейін артыпты.

Онда 1 миллион адам тұрып жатыр.

Өңірлер бойынша табысы күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының дені Түркістан облысына тиесілі (25,4 мың).

Кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың ең көбі (191,1 мың адам) осы өңірде.

Сондай-ақ, алғашқы бестікке Алматы (15,9 мың үй шаруашылығы), Шымкент (14,6 мың), Маңғыстау (12,9 мың үй) және Ақмола (12,6 мың үй шаруашылығы) облысы кіреді.

Табысы төмен үй шаруашылықтары Ұлытау, Атырау және БҚО-да азырақ.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері - 46,7 мың теңге.

2021 жылмен салыстырғанда 26,9% артық. Сонымен бірге, тұтынуға пайдаланылған кіріс 80,2 мың теңгені құрап, бір жылда 14,3% өсті.

Қазақстан бойынша орташа ең төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтынуға пайдаланылған кірістердің арақатынасы - 171,8%.

Күнкөріс деңгейінің шамасымен тұтынуға пайдаланылған кірістердің ең жоғары арақатынасы Қарағанды облысында (233,6%) тіркелді.

Екінші және үшінші қатарда СҚО (208,5%) және Алматы (206,7%) орналасқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →