×

Ақмола облысында 100 млн теңге жымқырған екі полицей сотталды

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды

Ақмола облысында 100 млн теңге жымқырған екі полицей сотталды
polisia.kz

Ақмола облысында 100 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған полицейлер сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

«Ақмола облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы ЖЖМ-ге сеніп тапсырылған талондарды жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам жымқыру жолымен ұрлағаны дәлелденді», - делінген хабарламада.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →