×

9 жылға сотталған журналист Махамбет Әбжан: Бұл - Қайрат Сатыбалды мен Антикордың тапсырмасы

Бұған дейін прокурор журналисті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын

9 жылға сотталған журналист Махамбет Әбжан: Бұл - Қайрат Сатыбалды мен Антикордың тапсырмасы
Zakon.kz

3 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әбжан Махамбетті кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Cот Махамбет Әбжанды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігімен, 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды.

Бұған дейін прокурор журналисті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Судья Айжан Күлбаева үкімді жариялады.

Оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат Әбжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды. Антикор хабарлағандай, ол кәсіпкерлерді абырой-беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді БАҚ-қа жариялап жіберемін деп қорқытқан.Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатқандығы да айтылады.

Махамбет Әбжан сот залынан шығып бара жатып, журналистерге мұны Қайрат Сатыбалды мен Антикордың тапсырмасы деп ойлайтынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →