×

Аманкелді ауданында қой терісін өңдейтін цех ашылды

Мемлекеттік грантқа ие болған Рысжан Байкенованың кәсібі елден ерек

Аманкелді ауданында қой терісін өңдейтін цех ашылды
Фото: dalanews.kz


Аманкелді ауданында кәсіпкерліктің қай саласын алып қарасаң да соңғы жылдары қарқынды дамуда. Бұл туралы  kostanaytany.kz  сайты жазды. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, арнайы курстар оқып, кәсібін бастап жатқан қарапайым тұрғындар баршылық. Мал шаруашылығы да жақсы дамып, көптеген шаруа қожалығы мал басын көбейтіп, экспортқа шығарып жүр. Енді бірі іргелес жатқан Арқалық қаласындағы «Торғай-Ет» ЖШС-не өткізіп табыс табуда. Бірақ, өкініштісі, сойылған малдың терісі өңделмей, шіріп жатыр. Ауылда тері қабылдайтын бір-екі жер бар, бірақ арзанға алады. Тері Шымкент, Алматы сияқты қалалардағы өңдеу цехтарына жөнелтіледі. Кейін өз өнімімізді қымбатқа қайта сатып аламыз. Шикізатты өңдейтін арнайы цех керек-ақ.  


“2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы»  шеңберінде гранттарға конкурс өткізілетінін тұрғындарға хабарлап, оның ішінде аудандағы барлық деңгейдегі кәсіпкерлермен, шаруалармен кездесулер өткізіп,  қатысудың шарттары мен құжаттар тізбесімен таныстырдық. Осылайша, бағыт-бағдар көрсеттік. Бағдарлама аясында былтыр ауданнан «Жомарт», «Зергер Дастан» және «Байкенова» сынды жеке  кәсіпкерлер мемлекеттеманкелді ауданында кәсіпкерліктің қай саласын алып қарасаң да соңғы жылдары қарқынды дамудан  5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Құрама жем өндірісі, Күміс және алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар өндірісі, Табиғи қой терісін өңдейтін тігін-тері цехы сияқты кәсіп түрлері де бастау алды. Олар бизнес жоспарларын қорғап, үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды. Кәсіп бастаймын деген әр тұрғынға талапты орындап қатысуына болады”, – дейді аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Саржанов.

Мемлекеттік грантқа ие болған Рысжан Байкенованың кәсібі елден ерек. Рысжан жолдасы Еркебұлан екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Осыдан бес жыл бұрын Көкшетау қаласында тері өңдеу цехында азды кем жұмыс істепті. Содан қызығушылығы артып, тері өңдеу саласын қолға алуды ойлайды. Ресейдің Краснодар өлкесінен білікті маман Александр Полторцкийдің жеке курсына жазылған. Ол кісі Қазақстанның әр аймағынан келген тері өңдеуге ынталы жандарды жаңа технология бойынша оқытқан екен. Сол жинақтаған білімін тәжірибемен ұштастырып, Аманкелдіге келіп, бизнес жоспарын ұсынады. Бірақ екінші мәрте дегенде облыстық комиссиядан қолдау тауып, үздіктер қатарынан көрініп отыр.

“Ауданға іргелес Кемер ауылында ата-аналары тұрады. Олар да осы өндірістің жоқтығынан малдың терісін, одан қалды жүнін керексіз болып талай өртеген. Табиғи таза өнімнің өндірілмейтіні өкінішті. – Өзім мал шаруашылығы саласын жақсы білемін. Ауылда өстік. Жолдасыммен ақылдаса келе осы бизнес түрін қолға алсақ деп шешім қабылдадық. Анам да, әпкем де 20 жылдан бері сауда саласында жүр. Олар Қырғызстаннан қыстық пима, етіктер әкеліп сатады. Байқағаным елде бар байлық бола тұра, тері өңдеу саласы тоқырап қалған. Менің бизнес бастамам облыстан шалғай жатқан ауданға қажет дүние. 5 млн грант алып, қажетті деген тігін машинасын, құрал жабдықтар алдым. Шикізатты сырттан алдырып, өз өнімдерімді сатылымға шығарудамын. Алдағы апта тағы да құрал жабдықтарым келеді. Сонда толыққанды жұмысқа кірісемін. Отбасылық кәсіп жанданып жатса екі жұмыс орыны болады. Ол үшінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы маман алмақ ниеттемін”, – дейді кәсіпкер Рысжан Бақыткерейқызы.

 

Бәрі бірден бола бермейді. Ол өз үйінің бір бөлмесін шағын цехқа айналдырған. Оны көріп біз де қуандық. Бөлме іші теріге толы. Олардан авто көліктерге сәндік қаптама, үйде киетін башмақ, қолғап, теріден түрлі ұлттық нақыштағы өнімдер жасауда. Сұраныс бар. Кәсіпкердің ендігі арманы бір үлкен ғимарат алып, соны тері өңдеу цехына айналдыру. Алдағы уақытта осындай мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, тері тазалайтын арнайы қондырғы алғысы келеді. Ондай құрылғыны Қытайдан көріпті. Ол қондырғы қолға түссе теріні өзі өңдеп, шикізатты сырттан алмайды. Аудандағы шаруа қожалықтарымен келісімге отырып, мал терілерін өзімізден алып, өндіре бастайды.             Қандай тамаша бастама! Мұндай істі қолға алған жандарға үкіметтен барынша көмек беру керек. Бізде байлық жетеді. Тек соны өндіріп, өрбіте алмай жүрміз. Ауылдарда тың жобаларды жүзеге асырғысы келетін жастар баршылық. Оларға қолдау болса, ауылдар жабылмай, елдің ырыздығы арта түсер еді.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →