×

Ердоған: Жер сілкінісінен 912 адам қаза тапты

Жарақат алғандардың саны 5385-ке жетті

Ердоған: Жер сілкінісінен 912 адам қаза тапты
Коллаж: Qaz365.kz

Президент Режеп Тайып Ердоған Кахраманмараштың Пазаржык ауданында орын алған 7,7 балдық жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың саны 912-ге жеткенін және көптеген қалалардың зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Возможно, это изображение 4 человека, люди стоят и на открытом воздухе

Іздеу-құтқару жұмыстарына басымдық берілгенін атап көрсеткен Ердоған жер сілкінісінде 5385 адамның жарақат алғанын, 2818 ғимараттың қирағанын, 2470 адамның құтқарылғанын айтты.

“Бүгін түнгі сағат 04:17-де орын алған өткен ғасырда бастан өткерген 1939 жылғы Эрзинджан жер сілкінісінен кейінгі ең үлкен апат елді дүр сілкіндірді.

Жер сілкінісінен зардап шеккен 10 провинциядан басқа, олармен жұмыс істеу үшін тағы 10 губернатор тағайындалды. AFAD және басқа мекемелер өз топтарын жіберді. TAF және біздің муниципалитеттер, апаттарды зерттеуде инфрақұрылымы бар мекемелеріміз кезекшілікке шақырылды.

Осы уақытқа дейін 912 азаматымыз қаза тауып, 5385 азаматымыз жарақат алды.

Үйінді астынан құтқарылғандар саны 2470-ке жетті. Қираған ғимараттар саны 2818-ге жетті.

Жер сілкінісінен ауыр зардап шеккен провинцияларымызда қираған ғимараттардың астында қалған азаматтарымызды анықтау және құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр”, – деді Түркия Президенті.

Сондай-ақ ол 9 мың қызметкер іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтып өтті. 

Оның айтуынша, НАТО мен ЕО-дан басқа 45 елден көмек ұсыныстары түскен.

Возможно, это изображение на открытом воздухе

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →