×

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ
pixabay

Түркиядағы қуатты жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Возможно, это изображение на открытом воздухе

«Түркия Республикасындағы Елшілігіміздің ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініш түскен жоқ. Консул Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен үнемі байланыста отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар қирандылардың өте көп болуына байланысты құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын ескерген жөн», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →