×

Түркияда 1541 адам жер сілкінісінің құрбаны болды

Жер сілкінісінен ауыр зардап шеккен провинциялардағы қираған ғимараттардың астында қалған тұрғындарды  анықтау және құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр

Түркияда 1541 адам жер сілкінісінің құрбаны болды
фото: ашық дереккөзден

Түркияда 1541 адам жер сілкінісінің құрбаны  болды деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ria.ru-ге сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, 9733 адам жарақат алып, 1541 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 2834 ғимарат қирады.

Кеше  түнде  Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 бал болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. 

Одан кейін Кахраманмараш Екинөзіде 5,5 балдық және Малатия Доганшехирде 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

"Жер сілкінісінен зардап шеккен 10 провинциядан басқа, олармен жұмыс істеу үшін тағы 10 губернатор тағайындалды. AFAD және басқа мекемелер өз топтарын жіберді. TAF және біздің муниципалитеттер, апаттарды зерттеуде инфрақұрылымы бар мекемелеріміз кезекшілікке шақырылды.
Жер сілкінісінен ауыр зардап шеккен провинцияларымызда қираған ғимараттардың астында қалған азаматтарымызды анықтау және құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр”, – деді  Түркия Президенті.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдаған болатын. Ол түрік халқына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →