×

Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1000-нан асты

Түрлі қалаларда 2884 ғимараттың қирағаны белгілі болды

Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1000-нан асты
фото: BBC

AFAD Президенті Юнус Сезер Кахраманмараш жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1014-ке дейін өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі bbc-ге сілтеме жасап. 

Жойқын жер сілкінісінен 7003 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, түрлі қалаларда 2884 ғимараттың қирағаны белгілі болды. 

Еске сала кетейік, кеше түнде Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 бал болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. 

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдаған болатын. Ол түрік халқына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →