×

Қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады

Дәмхана басшылығы кешірім сұраған  видеосы мен жазбаша түсініктемесін жариялады

Қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады
Коллаж: Qaz365.kz

Алматы қаласындағы кафелердің бірінде қазақша мәзір сұраған тапсырыс берушіні кафе басшылығы "фашист" деп айыптап, қызмет көрсетуден бас тартқандығы туралы Qaz365.kz бұған дейін жазған болатын. Аталған дәмхана басшылығы кешірім сұраған  видеосы мен жазбаша түсініктемесін жариялады.

"Құрметті "Динара" кафесінің қонақтары! 
Менің тарапымнан болған түсініспеушілік пен айтылған сөздерім үшін кешірім сұраймын. Істеген әрекетімді ақтап алатын еш себеп жоқ екенін түсінемін және сол үшін қатты өкінемін. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп уәде беремін!"
- делінген бейнежазбада.

Ал кафе басшылығының жазбаша түсініктемесінің мәтіні мынадай мазмұнда: 

"Қымбатты біздің "Динара" кафесіне келуші қонақтар! 
Бұған дейін орын алған келеңсіз жағдайға байланысты, кафе басшылығы атынан біз қазақ тіліне де, орыс тіліне де құрметпен қарайтынымызды жеткізгім келеді.
Қызметкеріміздің теріс қылығы мен айтқан сөзі үшін кешірім сұраймыз, оған қатысты тиіс шара қолданамыз.
Бізде екі тілде қызмет көрсетіледі. Осы оқиғадан бір апта бұрын ас мәзірін екі тілде дайындауға баспаға тапсырыс берілген болатын. Дәлел ретінде тапсырыс берген баспаға тиісті мәліметтерді ұсына аламыз. 
Назарларыңыз рахмет айта отырып, сіздерді дәмханамызға шақырамыз!"

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →