×

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандардың саны 2921-ге жетті

15 мың 834 адам жарақат алған

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандардың саны 2921-ге жетті
Getty Images

Түркиядағы жер сілкінісінен осы уақытқа дейін 2921 адам қаза тауып, 15 мың 834 адам жарақат алды. Бұл туралы AFAD президенті Юнус Сезер мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

“16 мың 400 қызметкерімізбен және шетелдік мамандармен қарқынды жұмыс жүргізілуде. Біз шатырдың да, баспананың да қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, апат аймағына жібереміз. Біз іздестіру-құтқару қызметкерлерін ауа-райы қолайлы болған кезде сол жерге бағыттауды жоспарлап отырмыз. Барлық деректер сағат 6-да жаңартылады”, – деді ол.

Сондай-ақ ол 65 ел көмек ұсынғанын айтып өтті

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →