×

"Ешқандай хабар-ошар жоқ": Мирболат Құрмашевты Түркияда ең соңғы рет көрген жанның бірімен тілдестік

Мирус бірнеше күн бұрын әріптестерімен Аланья қаласынан автокөлікпен шығып кеткен

"Ешқандай хабар-ошар жоқ": Мирболат Құрмашевты Түркияда  ең соңғы рет көрген жанның бірімен тілдестік
коллаж Qaz365.kz

Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кеткендердің арасында қазақстандық ІТ-стартапшы, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус (Мирболат) Құрмашев та бар деген хабар тарады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазақстандық ІТ-стартапшы, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус (Мирболат) Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті.

Бауыры Алматтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол достары/әріптестерімен бірге Түркияның Хатай қаласында контент түсіріп жүрген.

Бүгін бауырлары, достары, Astana Hub-тың басшылығы мен волонтерлар Мирусты іздестіру үшін Түркияға ұшады», – деп жазды министр әлеуметтік желіде. 

Мирусты соңғы рет көрген жандардың бірі – Түркиядағы танысы Арманмен тілдесудің сәті түсті. Олар Түркияның Аланья қаласында кездесіп, таңғы асты бірге ішкен.  

Арманның айтуынша, Мирус бірнеше күн бұрын әріптестерімен Аланья қаласынан автокөлікпен шығып кеткен. Қасында бірнеше адам болған. 

«Ол туристер үшін «жол картасы» немесе мобильді қосымша дайындаумен айналысатын. Осы жолғы сапары да сол бағытта болды.  Оңтүстік-шығысқа бет алған олар ұдайы байланыста болды», - дейді Арман.

Зілзаланың қатты болғаны соншалық – Аланья қаласында да бірнеше баллдық жер сілкінісі болған.

«Сол күні мен үйде, Аланья болдым. Таңғы сағат 4-тен 17 минут кеткенде оянып кеттік. Үй тербеліп, қозғалып тұр екен. Ол кезде мен әлі жаңалықтарды оқи қойған жоқпын, әдеттегідей сәл қозғалады да, басылады деп ойладым. Мирус бұл кезде Аданада болатын. Бұл туралы ол соның алдында өзінің инстаграм парақшасында жазды. Аданада жағдай жақсырақ, тыныш қой деп ойладым. Содан кейін әлеуметтік желіден Хатай қаласына кеттім деп жазғанын көріп, уайымдап қалдым. Дереу оған жаза бастадым. Бұл таңғы 7 жарымның шамасы болатын. Әдетте ол телеграмнан тез жауап беретін, бұл жолы жауап болмады. Қоңырау шалсам, телефонын көтермеді. Уатсапқа, телефон нөміріне хабарластым, жауап бермеді. Сосын інісіне хабар бердім, артынан консулдық, елшілік арқылы іздеуге кірістік. Енді, міне, бауырлары, достары, волонтерлар болып Мирусты іздестіру үшін Атакьяға  аттанып барамыз», - деді Арман.

Олар Түркия сағатымен сағат 5.45-те Анталиядан Шанлы-Урфа қаласы ұшып,  әрі қарай жеңіл көлікпен жолға шықпақ. Алайда қауіпсіздік мақсатта жолдардың жабылғаны туралы  ақпаратты да жоққа шығармайды.  

«Қалай болғанда да, Атакьяға жетуге тырысамыз. Ол жерде бір де бір бүтін ғимарат қалмаған деседі. Онда дүмпулер әлі де жалғасуда. Егер қонатын болсақ, машинаның ішінде түнейміз», - дейді Арман.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →