×

Бауырларымыз келді: түркиялық әйел Қырғызстаннан көмекке келген құтқарушыларға алғысын білдірді

Бауырларымыз келді: түркиялық әйел Қырғызстаннан көмекке келген құтқарушыларға алғысын білдірді
Фото: видео-скрин

7 ақпан күні таңертең Қырғызстаннан ұшқан құтқаруышлар Түркияға қонды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі kaktus.media-ға сілтеме жасап. 

Қырғызстаннан келген құтқаруышларға ерекше ықыласын білдірген Түркия тұрғынының видеосы желіде кеңінен тарады. Ол қырғыз бауырларына алғыс білдіріп, жүрегі елжірегінін жеткізді. 

“Түркияға қош келдіңіздер! Сіздерге алғысымыз шексіз. Іздестіру-құтқару жұмыстары үшін келді. Қырғызстаннан бауырларымыз келді. Көзіме жас үйірілді. Қырғызстаннан келген топ Кахраманмарашқа бара жатыр”, – деді ол.

Соңғы ақпарат бойынша, Түркияда 3 381 адам қаза тауып, 20 424 адам зардап шекті. Сондай-ақ, 5 750-ден астам ғимарат қирады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →