×

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады

Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адам

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады
Фото: Polisia.kz


Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту үшін Түркияға ұшады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ телеграм парақшасында жазылды. 

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →