×

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандардың саны 6000-ға жуықтады

Жарақат алғанддардың саны 34810-ға жетті

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандардың саны 6000-ға жуықтады
Getty Images

Вице-президент Фуат Октай AFAD-те Кахраманмараштағы жер сілкінісіне байланысты жасаған мәлімдемесінде қаза тапқандар саны 5894-ке жеткенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ ол жарақат алғандардың саны 34 810-ға жеткенін айтты.

Октай зілзаладан зардап шеккен 11 провинцияда қираған ғимарат санының 5775 болғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ қирандылардан құтқарылғандар санының «8 мыңға жуық» екенін хабарлады.

“Іздестіру-құтқару жұмыстары үйінді астындағы соңғы адамға жеткенше жалғасады. Біз командаларымызды әуеден, әсіресе Адияман, Хатай және Кахраманмарашқа жіберуді жалғастырамыз. Қазір ауа-райы жағдайлары мүмкіндік беріп отыр", – деді Фуат Октай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →