×

Мұстафа Өзтүріктің жақындары зілзаладан қаза тапты

Хатай провинциясы Дефне ауданында екі қандасымыз үйінді астында қалып қойған

Мұстафа Өзтүріктің жақындары зілзаладан қаза тапты
Коллаж: qaz365.kz

Бірнеше сағат бұрын Мұстафа Өзтүрік әулетінен қаралы хабар жетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі turkistan.tv-ге сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, Хатай провинциясы Дефне ауданында екі қандасымыз үйінді астында қалып қойған.  Олар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Есімдері Нұрай және Бушра Қазақ.  Анасы мен қызын Стамбулдан барған жақындары шығарды.
Нұрай Қазақ 57 жаста еді. Ол Мұстафа Өзтүріктің туған ағасы Рустам Өзтүріктің қызы. Ұзақ уақыт бойы Иорданияда тұрған. Кейін Хатай провинциясына көшіп барған. Қызы Бушра 31 жаста. Марқұмдардың денесі Стамбул қаласында жерленеді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама
Бүгін, 13:50

Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →