×

Стамбул мэрі жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір жылдық жалақысын аударды

Түркиядағы жер сілкінісінен 10 провинция зардап шекті

Стамбул мэрі жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір жылдық жалақысын аударды
Foto: AA

Стамбул Метрополитен муниципалитетінің мэрі Экрем Имамоглу өзінің бір жылдық жалақысын  жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударды, деп хабарлайды qaz365.kz. Бұл туралы kocaelibarisgazetesi жазды.

Түркиядағы жер сілкінісінен 10 провинция зардап шекті. Бүкіл Түркия жер сілкінісі болған аймақтарға гуманитарлық және азық-түлік көмегін жіберуде. Кейбіреуі AFAD және үкіметтік емес ұйымдары арқылы көмек көрсетіп жатыр. 

Жергілікті газеттің жазуынша, Стамбул мэрі зілзаладан зардап шеккендерге бір жылдық жалақысын аударған.  

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркияда жер сілкінісінен 17131 адам қаза тауып, 70 мыңға жуық адам жараланған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →