×

Алматылық көпбалалы аналар Түркияға 4 мың көрпе жібереді

Сондай-ақ достары мен құрбыларының сайлауға деп жинап берген қаржысын да Түркияға көмек ретінде жіберетінін жеткізді

Алматылық көпбалалы аналар Түркияға 4 мың көрпе жібереді
ашық дереккөзден

Түркияға көмек беруге алматылық көпбалалы аналар да өз үлесін қосуда, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы «Бақытты отбасы» орталығының және «Aq alem» аналар құқығын қорғау қоғамдық қорының басшысы Ақмарал Басирова мәлімдеді.

«Бүгін он шақты көпбалалы ана Түркияға жөнелту үшін 2000 құрақ көрпе және 2000 жамылғы көрпе тігуге білек сыбана кірісті.

Екі ауысыммен жұмыс істейтін болады. Дүйсенбіге дейін тігіп бітіру керек.

Біз өзімізден 100 шақты көрпе қосамыз.

Дүйсенбіде жүк көлік Алматыдан шығады», - деп жазады ол.

Сондай-ақ достары мен құрбыларының сайлауға деп жинап берген қаржысын да Түркияға көмек ретінде жіберетінін жеткізді.

«Менің достарым мен құрбыларымның сайлауға деп жинап берген қаржысына 100 көрпе тігеміз. Маған шын көңілден ұсынған ақша  Түркиядағы қиналып жатқан бауырларымызға пайдасын тигізіп, жанын жылытсын! Алла разы болсын!» - деді Ақмарал Басирова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →