×

Қазақстан, Өзбекстан және Ресей газ бойынша келіссөздерді жеделдетуге келісті

Өзбекстанға ресейлік табиғи газды жеткізу мәселелерін талқылады.

Қазақстан, Өзбекстан және Ресей газ бойынша келіссөздерді жеделдетуге келісті

Қазақстан, Өзбекстан және Ресей газ бойынша келіссөздерді жеделдетуге келісті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Өзбекстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанға ресейлік табиғи газды жеткізу мәселелерін талқылады.

"9 ақпанда Санкт-Петербургте Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов, "Газпром" ААҚ Басқарма төрағасы А.Миллер және ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов үшжақты кездесу өткізді", – делінген хабарламада.

Елдер Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстанға ресейлік табиғи газды жеткізу мәселелерін, атап айтқанда, үшжақты жұмыс тобы жүргізген алдын ала техникалық байқаудың нәтижелерін, жеткізудің қолда бар мүмкіндіктерін, сондай-ақ ағымдағы жылдың қаңтарында қол қойылған "Жол картасын" іске асыруды талқылады.

Ведомство осы кездесудің қорытындысы бойынша үшжақты зерттеулердің келесі кезеңін жеделдету, сондай-ақ үшжақты кездесуді қысқа мерзімде қайта ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →