×

Қаламның серіппесін жұтып қойған - Алматыда дәрігерлер баланы аман алып қалды

Сегіз жасар бала Алматы қаласы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жағдайда түскен.

Қаламның серіппесін жұтып қойған - Алматыда дәрігерлер баланы аман алып қалды
Алматы қаласының №2 БҚКА баспасөз қызметі

Серіппені дәрігерлер арнайы «крокодил» қыстырғышымен алып шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 Ата-анасының айтуынша, бала үш сағат бұрын аузына салып отырған қаламның серіппесін күлген кезде жұтып қойған. Сәлден соң жөтеліп, тыныс алуы қиындаған баланы дереу  аурухананың жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізеді. Баланың кеуде қуысына жасалған рентгенография бронхта бөгде зат бар екенін көрсеткен. Ауруханаға жатқызылып, жалпы анестезиямен қатаң трахебронхоскопия жасалған. Серіппе арнайы «крокодил» қыстырғышымен алынып, бала төрт күннен кейін үйіне шығарылған.
№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаевтың айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе 1-15 жас аралығындағы балалардың арасында кездеседі. Үлкен бөтен денелерден жөтел пайда болады, асфиксияны тудырып, баланың өміріне қауіп төндіреді.

"Трахеяның толық бітелуі немесе ларингоспазм болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тек шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет, сонда ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болады", - дейді маман.

Дәрігер балалардағы бөтен денені  қолмен алып тастауға болмайтынын қатаң ескертеді!

«Сақ болыңыздар! Балаға тамақ ішу кезінде сөйлесуге, күлуге, жүгіруге рұқсат бермеңіз. Кішкентай балалардың ұсақ ойыншықтар мен ойыншық бөлшектерін, сағызды аузына салмауын қадағалаңыз», - деп балалар хирургі ата-аналарға кеңес береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →