×

Самардың көкпаршылары референдумда өз таңдауын жасады

Ұлттық нақыштағы спорттық формаларымен келген

Самардың көкпаршылары референдумда өз таңдауын жасады

Самар ауданының көкпаршылары референдум күні дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады. Спортшылар тарихи маңызды науқанға ұлттық нақыштағы спорттық формаларымен келуді жөн деп санаған екен, Qaz365.kz.

Бүгінде Самар ауданында Көкжота мен Бастаушы ауылын қоса алғанда барлығы 50 шақты шабандоз бар. Алайда аудан атынан облыстық додадаларға 12 адамнан тұратын құрама команда шығып жүр. Бүгін сол көкпаршылардың бапкер бастаған бір тобы ұлттық нақыштағы спорттық формаларымен келсе, қалғандары өз учаскелеріне күн бойы дауыс бермек.

Қос ауылдың көкпаршылары №835, №836 дауыс беру учаскелеріне келіп референдумға үн қосты.

Дүйім жұртты аузына қаратқан көкпар спорты бойынша бапкер Серік Аймұхамбетовтың айтуынша, кез келген бүкілхалықтық іс-шараға спорттық рухпен келмеу, нағыз азаматтық белсенділікті танытпау көкпаршылар үшін сын.

– Ауданның көкпаршылары спорттан қандай хабары болса, елдегі жағдайды да соншалықты біліп, үлес қосуы маңызды, – деп қорытты ойын Серік Асылхатұлы.

Ал Самар ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ысқақ осындай көпшілік жиналған жерде ел құндылықтарын насихаттау да көлеңкеде қалмағаны жөн деп отыр.

– Біз, әрине, осынау маңызды науқанға халықтың назарын аудартуға тырысудамыз. Сол себептен де спортшыларымыз ұлттық нақыштағы формаларымен келді. Қалай дауыс берілсе де, бастысы ешкім бей-жай қарамауы керек, учаскелерге дауыс берушілердің келуі барынша белсенді болып жатыр, – деді бөлім басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда балмұздаққа сұраныс күрт өсті: жетпегенін Италиядан тасып жатыр
Бүгін, 15:50

Қазақстанда балмұздаққа сұраныс күрт өсті: жетпегенін Италиядан тасып жатыр

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.
Беларусь президентінің ресми сайтында Александр Лукашенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтаған мемлекет басшылары мен басқа да тұлғалардың тізімі жарияланды.
Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы 45-ші мектеп-гимназиясында оқитын Нұржол Сатыбалды екі университеттің грантына ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →