×

Алматы тұрғыны есірткі жарнамалаған

Күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған

Алматы тұрғыны есірткі жарнамалаған
el.kz

Алматыда есірткіні жарнамалаған азамат ұсталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz. Алматы қаласының полицейлері 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Бөгенбай батыр мен Чокин көшелерінің қиылысында ер адам ғимараттың қасбеттеріне есірткі жарнамасын салған. 

“Кешке қарай Алматы қаласының тұрғыны есірткі жазуы бар трафаретпен және басқа да көркем құрал-жабдықтармен қаруланып, үйлердің ауласына қарай бет алды. Оның қасында серігі болды. Осылайша жастар өздеріне назар аудартпаймыз деп ойлады. Алайда олар ұсталды. Қыздың рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.

Күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта, оның жұмыс берушілері анықталуда, жедел шаралар қолданылып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
04.07.2025ж. 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →