×

Шұғыл: Денсаулық сақтау министрлігі Марбург вирусы туралы ескерту жариялады

Марбург вирусына қарсы арнайы ем мен вакцина жоқ

Шұғыл: Денсаулық сақтау министрлігі Марбург вирусы туралы ескерту жариялады
pharmvestnik.ru

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Марбург вирустық ауруы - адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін.Марбург қызбасының табиғи ошақтары - Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения. Аурудың клиникалық көріністері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады”, делінген ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері хабарламасында.

Марбург вирусына қарсы арнайы ем мен вакцина жоқ. Тек симптоматикалық емдеу ғана жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі профилактика шараларын сақтауды ұсынады.

“Денсаулық сақтау министрлігі Марбург вирусының эпидемиологиялық жағдайының дамуын мұқият қадағалайды. Халықаралық әуежайларда аурудың республикаға әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында барлық келетін жолаушылардың байланыссыз термометриясы жүргізілетін мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады”, - деп атап өтті  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.

Аурудың негізгі белгілері: қызба; тамақ ауруы; бөртпе; іштің ауыруы; мұрын мен көздің қанауы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
8 медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады
Кеше, 13:53

8 медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады

Енді азаматтарға өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды
Жол төсеу жұмыстары келесі жылы басталады
Талғардың бұрынғы әкімі  15 қазанда орын алған резонанстық трагедиядан кейін қызметінен босатылған
446 млн теңгеден астам сомаға сатып алу жариялаған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →