×

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта әкеліп, үш баланы жарақаттаған

Оқиға бүгін, яғни 13 ақпан күні №4 мектепте таңғы сағат 7.50-де болған

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта әкеліп, үш баланы жарақаттаған
Depositphotos.com

Петропавл қаласындағы №4 мектепте төтенше жағдай тіркелді. 9-сынып оқушысы сөмкесіне балта мен пышақ салып апарып, мектепте үш баланы жаралаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі деп хабарлайды Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Екі бала ауруханаға түсті, ал, бір оқушыны сол жерде дәрігерлер қараған.

Петропавлда орта мектеп оқушысының балта мен пышақ ұстап, балаларды жарақаттау фактісіне қатысты Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков алғашқы ресми мәлімдеме жасады.

Ресми өкіл журналистердің «қазір ол оқушы қайда, ұсталды ма, бұрын психикалық диспансерде тіркеуде тұрды ма?» деген өзекті сұрақтарына жауап берген жоқ. Дегенмен оның айтуынша, мектеп толығымен күзетілетіне қарамастан, оқушы суық қаруларды сөмкесіне салып, алдымен дәретханаға кіріп, сол жерден қаруланып шыққан.

«Қазір баланың қайда екенін айта алмаймын, өйткені бұл іспен тергеу органдары айналысып жатыр. Алдын ала болжам бойынша ол суық қаруды сөмкесіне салып әкелген. Оқушылардың сөмкесін күзетшілер ешқашан тексермейді, тінтпейді. Бұған ешкімнің құқығы жоқ, оны өте жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Ешбір адам баланың сөмкесін тексеруге қақысы жоқ. Сондықтан балта мен пышақты сөмкесіне салып әкеліп, дәретханаға кірген. Дәретхананың ішінде балта мен пышағын алып шыққан», - деді ол.

Оның айтуынша жарақат алған балалардың екеуі ұл, біреуі қыз болып шықты. Олар – әртүрлі сыныптың оқушылары.

Жарақат алған балалардың бірі тоғызыншы, екіншісі оныншы сыныпта оқиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →