×

Хатай әкімі жер сілкінісінен бірнеше күн бұрын қаланың апатқа дайын емес екенін мәлімдеген

Оның айтуынша, мұндай апатқа дайындық қала басшылығы мен Үкіметтің арасында байланыс болса ғана жүзеге асады

Хатай әкімі жер сілкінісінен бірнеше күн бұрын қаланың апатқа дайын емес екенін мәлімдеген
yurtgazetesi.com.tr

28 қаңтар күні Хатай әкімі Лютфи Саваш BBO Yapim телеарнасының “40” атты бағдарламасында қаланың жойқын жер сілкінісіне әзірлігі жайлы айтып берген болатын, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBO Yapim-ға сілтеме жасап.

Журналист Антакияның бірінші дәрежелі жер сілкінісі қаупі бар аймақ екенін айтып, әкімнен Хатайдың жойқын жер сілкінісіне қаншалықты дайын екенін сұрады.

“Жоқ, дайын емес. Дайын болуы үшін Үкіметпен бірлесе отырып жұмыс жасау керек. Жергілікті басшылық пен жалпы Үкіметтің арасында байланыс жоқ. Біздің жіберген хаттарымызға жауап та жазбайды. Мен 5 жыл бұрын хат жіберген болатынмын, әлі де жауап келмеді. Енді қалайша жер сілкінісіне қарсы сақтық шараларын ұйымдастыра аламыз? Біздің қолымыздан келетіні жер сілкінісі болған жағдайда адамдарды жинайтын орын дайындау ғана. Басқа ештеңе қолымыздан келмейді. Өкінішке қарай үкімет бізді елемейді”, – деп жауап берген болатын әкім.

Хатай қалалық муниципалитетінің мэрі Лүтфү Саваш кеше кешкісін әлеуметтік медиа аккаунтында жер сілкіністерінің құрбандары мен зардаптары туралы берген соңғы ақпаратында қалада 7060 адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды BBC.

Хатайдың жалпы құрылыс қорының 343 мың шамасында екенін айтқан Саваш олардың 2744-інің қоқыс күйінде болғанын және 9234 ғимараттың қатты зақымданғанын және біршама қирағанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →