×

Ертісбаев блогер Еділовке ескерту жасады: Қар тазалап, дала сыпырғың келмесе, кешірім сұра

Бұндай мәлімдеме жасауына ҚХП туралы жазба себеп болған

Ертісбаев блогер Еділовке ескерту жасады: Қар тазалап, дала сыпырғың келмесе, кешірім сұра
Коллаж: qaz365.kz

Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Халық Партиясының қазіргі төрағасы Ермұхамет Ертісбаев блогер Еділовты сотқа беретіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

Бұндай мәлімдеме жасауына yedilovonline телеграм арнасындағы ҚХП туралы жазба себеп болған.

«ҚХП көп адам шығып жатыр. Тіпті, Жамбыл Ахметбеков сияқты маңызды фигуралар да шыққанын мәлімдеді. Халық партиясының коммунистік өткенін айтпағанда, бұл партияға ешкім бәс тікпейді» - деп жазды өз телеграм арнасында Еділов. 

 Ертісбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды. Партияның имиджіне кір келтіріп, жалған ақпарат таратқаны үшін Еділов 10 млн тенге айыппұл төлеуі керегін айтты.

«Бұл – өтірік, жалған айып! Партиядан қанша адам шығып жатқанын ол қайдан біледі? Еділов менің телефон нөмірімді біледі. Қызық болса, офисімізге келіп, анық-қанығын білсін. Көптеген блогер ақшаға пост жазатынын білемін. Жалған ақпарат таратқаны үшін қанша айыппұл салатынын естеріңізге сала кетейін.  3000 АЕК немесе 800 сағат қоғамдық жұмысқа салынады. Көктем келе жатыр, бір ай қар тазалап, дала сыпырғысы келмесе, жазған сөзі үшін кешірім сұрасын.  Мен қалжыңдап тұрған жоқпын, егер кімде-кім біздің партияны қаралайтын болса, біз заң жүзінде әрекет етеміз», – деді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →