×

Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі табылды

Марқұмның денесі Талдықорған қаласына жеткізілген

Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі табылды
gov.tr

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза болған тағы бір қазақстандықтың денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды", - делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан әйелдің денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ, қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Марқұмның денесі Талдықорған қаласына жеткізілген.

"Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →