×

Кәсіпкерлерді қудалауды доғарсын: Қостанайлық шаруалар Қ.Тоқаевқа үндеу жасады

Айыпталушы сот актілері негізсіз және заңсыз шығарылды деп санайды

Кәсіпкерлерді қудалауды доғарсын: Қостанайлық шаруалар Қ.Тоқаевқа үндеу жасады
Фото: Айсұлтан Жақыпов

Күн батареясын жеткізумен айналысып, шаруалар басы дауға қалған қарағандылық кәсіпкер Б.Имановқа араша сұрады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы айыпталушының әкесі журналист Айсұлтан Жақыповқа берген сұхбатында айтты. 

Кәсіпкер Б.Иманов 2019-2020 жылдары күн панельдерінің жиынтықтарын шаруа қожалықтарына қарызға жеткізумен айналысқан. Алайда, “қымбатқа саттың” деп үстінен іс қозғалып, ҚР ҚК 2-тармағының 190-бабы 4-бөлігі бойынша 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады. Б.Иманов сот актілері негізсіз және заңсыз шығарылды деп санайды. Себебі, субсидиялау тәртібі жайлы ереже бойынша КПЖ жиынтығының сомасы 3 100 000 теңгені құрайды. Айыпталушы тарап, бұл шекті сомадан аспағанын айтты. 

“Шаруа қожалықтарына күн батареялары келісімшартта белгіленген тиісті сапада және мөлшерде жеткізілді. Олардың барлығы тексерілді, қабылдау барысында ешқандай ескерту болған жоқ, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Әрі қарай оны қандай мақсатта пайдаланылатынын шаруа қожалықтары инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде өздері дербес айқындады”, – деді кәсіпкердің қорғаушылары.

Алайда, айыптаушының қорытындысы бойынша, күн панельдерін сатып алуға шаруа қожалықтары бастамашылық еткен жоқ. Б.Иманов оларды сатып алуға мәжбүрлеген. Кейбір панельдер пайдаланылмағанын айтты. Кәсіпкер панельдерді Алматы қаласында базардан көтерме бағамен сатып алып, кейін оларды шаруа қожалықтарына қымбат бағада сатқанына кінәлі деп танылған. 

Ал шаруалар болса, күн батареяларын сатып алуға оларды ешкім мәжбүрлемегенін айтып, Президент Қ.Тоқаевқа үндеу жасады. 

“Құқық қорғау органдары соңғы үш жылда есеп үшін негізсіз тексерулер жасап, кәсіпкерлерді қанап жатыр. Онсыз да, құрғақшылық, қымбатшылық дендеп тұрған кезде бізге жұмыс істеуге мұрша бермейді. 2018 жылдан бастап, кәсіпкер Иманов бізге қарызға КПЖ орнатып беруге кірісті. Бірақ  2019 жылдан бастап бізді және кәсіпкерлерді тоқтаусыз тексерістің астынан алды. Құқық қорғау органдарының ойынша, алаяқтық жасалған. Алайда, тергеушілердің қорытындысы бойынша, барлығы заң шеңберінде жүзеге асырылған. Сондай-ақ, күнделікті жұмыстар үшін күн батареялары бізге керек екенін мәлімдейміз”

Тергеушілер Иманов Б. жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде жеткізілетін тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бағаны дербес белгілеуге құқылы екенін айтты. 

“Кәсіпкерліктің негізгі қағидаты пайда табу болып табылады. КПЖ-ның бағасы қосымша шығындар мен пайданы ескере отырып белгіленді. Кәсіпкер инвестор сатып алған жабдықты мақсатсыз пайдаланды ма, дұрыс пайдаланды ма, оған мониторинг жүргізуге міндетті емес, сонымен қатар, инвестициялық өтінімдерге және инвестициялық субсидиялар сомасына да қатысы жоқ”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →