×

Астанада бір күнде жүрегі 53 рет тоқтап қалған науқас аман қалды

Дәрігерлер науқастың өмірі үшін 35 күн бойы күресті

Астанада бір күнде жүрегі 53 рет тоқтап қалған науқас аман қалды
dgkb2.kz

№2 қалалық көпсалалы аурухананың дәрігерлері науқастың өмірі үшін 35 күн бойы күресті. Олар мұны "медицинаның ғажайыбы" деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, 6 қаңтарда науқас шұғыл ауыр хәлде жедел жәрдеммен түскен.

Қан айналымы үнемі тоқтай берген. Түні бойы, күні бойы оның жүрегі қайта-қайта "іске қосылып", кейде соғуын тоқтатты. Осылайша бір күнде жүрек 53 рет тоқтады. Жасанды жүрек пен өкпенің қызметін атқаратын ECMO (экстракорпоральды мембрана оксигенациясы) қосуға тура келді.

Дәрігерлер науқасты 35 күн бойы қалдырмады, мониторларда тұрақты бақылау жүргізілді. Осы уақытта әйелден қан кету басталды. Одан кейін қабыну реакциясы, сепсис және жүйелік көп мүшелер жеткіліксіздігі болды.

"Науқасты бірнеше рет  о дүниеден қайтару, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, сонымен бірге дененің барлық функциясын сақтап қалу, тіпті мұндай операцияларды бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтар мұны "медицина ғажайыбы" деп атайды", – дейді Кардио БИТ кафедрасының меңгерушісі Расул Сагнаев.

БИТ-тің аға кардио-ординаторы Сәбит Айнамқұлов, бақытымызға орай, бас миына зақым келмегенін айтты.

"Ол үшін жедел жәрдем дәрігерлері, интервенциялық кардиологтар, кардиохирургтар, кардиохирургтер, кезекші дәрігерлер, медбикелер үлкен командалық жұмыс атқарды. Бұл - біз үшін үлкен жеңіс", – деді ол.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты, интервенциялық кардиология бөліміне жатқызылды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →