×

Стоп-кредит: Қазақстанда несиеден бас тарту қызметі іске қосылды

«Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау қажет.

Стоп-кредит: Қазақстанда несиеден бас тарту қызметі іске қосылды
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға Стоп-кредит (Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту) қызметін қосу мүмкіндігі туралы еске салады. Ведомство мұны алаяқтардан қорғанудың әдісі деп санайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді қызмет «eGov mobile» мобильді қосымшасында және «Электрондық үкімет» веб-порталындағы басты бетте қолжетімді. Қызметті ЭЦҚ арқылы немесе логин мен парольді қолдану арқылы қосылуға болады. Ол үшін сайттың басты бетінде «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау қажет.

Қызмет шексіз іске қосылады және азаматтың өтініші бойынша өшірілуі мүмкін.

Министрлік киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және ұсыныстарды орындауға шақырды:  

1. Әр түрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.  
2. Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.  
3. Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.  
4. Антивирус бағдарламаларын пайдалану.  
5. Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.  
6. Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.  
7. Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.  
8. 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.  
9. Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.  

Осы нұсқауларды орындау деректеріңізді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →