×

180 млн теңге қолды қылған адам небәрі 5 жылға сотталды

185 жәбірленушіге 180 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген

180 млн теңге қолды қылған адам небәрі 5 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

БҚО-да 180 миллион теңгеден астам заңсыз қаражат тартқан «Chia TaiPharmaceutical» қаржылық пирамидасы ұйымдастырушының кінәсін дәлелдеді. Бұл туралы Бас прокуратура ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғыны «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасына қосылып, оның құрылымдық бөлімшесінде жетекші орынға ие болған.

– Фармацевтикалық зауытқа заңды инвестиция саламыз деген жалған атаумен ол фармацевтикалық кәсіпорын қызметінен жоғары кіріс алуға уәде беріп, салымшылардан заңсыз қаражат тартқан. Оның қылмыстық әрекетінің нәтижесінде 185 жәбірленушіге жалпы сомасы 180 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Бөрлі аудандық прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының принципті ұстанымын ескере отырып, сотталушының қаржылық пирамиданы құру және басқару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа да мүлікті заңдастыру бойынша кінәсі толық дәлелденді. 180 миллион теңгеден астам келтірілген шығын жәбірленушілердің пайдасына толығымен өндірілді, – делінген хабарламада.

Сот мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісе отырып, сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-баптың 2-бөлігі 2-тармағы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару), 218-баптың 2-бөлігі 3-тармағында (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып,қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығымен 5 жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және қаржы ұйымының қатысушысы болу құқығынан айыра отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес
Бүгін, 10:56

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес

«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →