×

Республика күніне орай Шымкент қаласында тутұғыр орнатылды

Патриотизмнің жаңа белгісі мен символына айналды

Республика күніне орай Шымкент қаласында тутұғыр орнатылды
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Республика күніне орай Шымкентте қаланың қай түкпірінен қараса да, анық көрінетін жаңа символ пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Shymkent City шағын ауданында биіктігі 100 метрлік ту бағанасында Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді. Көлемі 30×15 метрлік үлкен ту қаланың ең биік нүктесінде желбіреп, патриотизмнің жаңа белгісі мен символына айналды.

“Tulip Hall орталығының жанына тутұғыр орнатылды. Енді бұл жер жаңа көрнекті орынға айналды. Жаңа тутұғырдың биіктігі Ордабасы алаңындағы 50 метрлік тутұғырдан едәуір биік. Бұл Шымкент қаласының серпінді дамуын және қаланың жаңа биіктерге ұмтылуын көрсетеді”, – делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шымкент тұрғындары мен қонақтары атап өткендей, биікке көтерілген ту халықты бір тудың астына біріктіре отырып, ерекше бірлік пен мақтаныш сезімін тудырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →