×

Көптен бері көзге түспей кеткен Марат Тәжин қайта ел алдына шықты

Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаев басқарған тұста ұзақ жылдар мемлекеттің бас идеологы болған.  

Көптен бері көзге түспей кеткен Марат Тәжин қайта ел алдына шықты
Кайрат Конуспаев/vecher.kz

 Алматыда Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы (АСК) ұйымдастырған Әлеуметтанушылардың VIII Конгресі өтті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сол жиында Қазақстан билігінің ұзақ жылдар бойы идеологы Марат Тәжин бой көрсетті. Vecher.kz басылымының жазуынша, экс-шенеунік Түркітілдес елдері әлеуметтанушылар одағының президенті көрінеді.

Айта кетейік, Марат Мұханбетқазыұлы 2023 жылы 16 маусымда Чехия елшісінен қызметінен босатылған. Содан кейін билік жүйесінен көрінебеді. Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаев басқарған тұста ұзақ жылдар мемлекеттің бас идеологы болған.  

Сыртқы істер министрі, президенттің көмекшісі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сынды әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. Әсіресе, президент әкімшілігі басшысының орынбасары ретінде елдің ішкі саясаты мен идеологиясына жауап бергені көпшілікке жақсы таныс. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Бүгін, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →