×

Мемлекетке қайтарылған 12 млрд теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды

Төрт келісімге қол қойылды

Мемлекетке қайтарылған 12 млрд теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды
gov.kz

Бас прокуратура мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңге әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталатынын жариялады.

«Қыркүйек айында мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы»Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өтті. Осылайша, активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылды», - деп хабарлайды ведомство.

Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →