×

Лифт ішінде қалып қойған жағдайда не істеу керек?

Лифтіде қалған адамға ауа жетпеген

Лифт ішінде қалып қойған жағдайда не істеу керек?
Фото: ашық дереккөзден

Астаналық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 3 адамды құтқарған, деп хабарлайды, Qaz365.kz.

ТЖМ мәліметінше, олар әуелі лифтіге жауапты компанияның қолдау қызметіне хабарласқан. Бірақ ауа тарылып бір адам өзін жайсыз сезіне бастағандықтан, 112 қызметін шақырған. Құтқарушылар гидравликалық құралдармен лифт есігін ашқан.

«Сарыарқа ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 ересек адам лифт ішінде тұрып қалды. Лифтке жауапты қызметке жүгініп, күтіп тұрған кезде іштегі әйелге ауа тар болып, өзін жайсыз сезіне бастаған соң, 112 нөміріне қоңырау шалды. Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес» – делінген хабарламада.

Айта кетейік, егер лифт ішінде тұрып қалсаңыз, құтқарушылардың арнайы төмендегідей ережелері бар:

1. Өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;

2. Диспетчерге хабарласыңыз;

3. Барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;

4. Лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;

5. Барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Бүгін, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →