×

“Есімсіз” деп тіркейміз: дәрігерлер зілзалада ата-анасынан айырылған балалармен қалай жұмыс істейтінін айтты

Үйінді астынан құтқарылған, жарақат алған балалар жақын маңдағы провинциялардағы түрлі ауруханаларға жеткізіледі

“Есімсіз” деп тіркейміз: дәрігерлер зілзалада ата-анасынан айырылған балалармен қалай жұмыс істейтінін айтты
ulusal.com.tr

Дәрігерлер жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен, ата-анасынан айырылған балалармен қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Үйінді астынан құтқарылған, жарақат алған балалар жақын маңдағы провинциялардағы түрлі ауруханаларға жеткізіледі. Олардың арасында алты айлық балалар да, бес-алты жасар балалар да бар. Балалардың кейбірі жарақаттан есеңгіреп қалғандықтан көп сөйлей алмайды

Олардың кейбіреуінің ата-анасы артынан келсе, кейбірінің ата-анасы жоқ. Ауруханада емделгендердің жеке басын анықтау және ата-анасына хабарласу мүмкін болмаса, әлеуметтік қызметтерге ауыстырылады.

“Зілзаладан жапа шеккендер алғашқы сәттен келе бастады. Аты-жөні анықталған, ата-анасы қасында болған балаларға қалыпты түрде қызмет көрсетіліп, қадағаланады. Зілзала алаңынан әкелінгені үшін, кейбірінің аты-жөндері анықталмай жатады. Олардың көбінің атын тіркей алмаған соң, “есімсіз” деп тіркейміз. Олардың тек шығарылған жері, келген уақыттары жазылады. Оларды бізге жүгінген адамдармен сәйкестендіруге тырысамыз. “Әлеуметтік қызмет” деген бөлімшеміз бар. Олар науқас балалармен сөйлесіп, қайдан келгенін, ата-анасы кім екенін сұрастырады. Мүмкіндігінше дерек жинап, оны Қарулы күштерге жеткіземіз. Олар деректерді алып, баланың жақындарымен хабарласуға тырысады. Олардың баласы екені анықталған соң, ата-анасына тапсырамыз. Бізге келіп, балаларын таппай кеткен ата-аналар да болды. Ауыр жағдай. Алла оларға сабыр берсін”, – деді Адана қалалық ауруханасының бас дәрігерінің көмекшісі Нұршах Кескин.

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Яник 13 ақпанда министрлікте 1362 бала тіркелгенін, олардың 369-ы отбасына тапсырылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, 792 бала емханаға, 201 бала мекемеге орналастырылған. 291 баланың жеке басы әлі анықталған жоқ.

“Балаларды асырап алғысы келіп жатқандар көп. Балалардың отбасын таппай жатып, кім екендерін анықтамай жатып олай жасауымыз мүмкін емес”, – деді министр.

Бас дәрігердің көмекшісі Нұршах Кескин қазіргі кезде дәрігерлердің мойнына маңызды жауапкершілік артылғанын айтады.

“Жағдайым жақсы. Жақсы болуға міндеттіміз, себебі біздің көмегіміз оларға ауадай қажет. Қазіргі сәтте ең маңыздысы – балаларды сау күйінде ата-анасының құшағына тапсыру”, – деді ол.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →