×

Немқұрайлықтың кесірінен халқымыз қаншама боздағынан айырылды - Таркан

«Үнсіз қала алмаймын!»

Немқұрайлықтың кесірінен халқымыз қаншама боздағынан айырылды - Таркан
demokrathaber.org

«Үнсіз қала алмаймын!». Осылай деген түрік әншісі әлеуметтік желіде Түркиядағы жойқын жер сілкісіне қатысты жазба жариялап, өкпе-ренішін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, немқұрайлықтың кесірінен Түркия халқы қаншама боздағынан айрылды. Басшылар ғалымдардың ескертулеріне құлақ асып, қажетті сақтық шараларын жасағанда, апаттың кесірі осыншалықты үлкен болмас еді, дейді ол.

«Жер сілкінісі апатына мен де сіздер сияқты қайғырып, көзіме жас алып отырып қарадым. Әлі де сол хәлдемін. Көпшілік айтып жатқанын білем, бірақ мен де үнсіз қала алмаймын.

Жер сілкінісі жиі орын алатын елімізде басшылар ғалымдардың ескертулеріне құлақ асып, қажетті сақтық шараларын жасағанда, апаттың ауқымы  осыншалықты үлкен болмас еді. Немқұрайлықтың кесірінен халқымыз қаншама боздағынан айырылды

Ел болып қабырғамыз қайысып, барлығы күш біріктіріп, құтқарушылар, қоғамдық бірлестіктер және халық болып үміттер үзілмеуі үшін қаншама күн тоқтамастан жұмыс жасап жатқанымен, басшылықтан ешкім шын көңілден қайғырып, немқұрайлылығы мен қателіктерін мойындамады.  Мыңдаған адамның өліміне себепші болғандар емес, керісінше көмекке келгендер күйініп от кешуде. 

Адам сенгісіз жағдай…

Өте аянышты…

Халқымыз бұған лайықты емес», - деп жазады ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →