×

«9-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын 20%-дан 10% азайту керек – Скляр депутаттардың ұсынысына жауап берді

Үкімет басшысының орынбасары депутаттардың бұл бастамасын қолдамады

«9-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын 20%-дан 10% азайту керек – Скляр депутаттардың ұсынысына жауап берді
Фото: Qaz365.kz

Алдағы уақытта Отбасы банк арқылы жүзеге асырылатын «9-20-25» бағдарламасына жылына 150 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұған дейін депутаттар аталмыш бағдарламаның алғашқы жарнасын 20%-дан 10% пайызға азайту керек деп мәселе көтерген болатын. Соған байланысты пайыздық мөлшерлемені 8% пайызға төмендетсек, халыққа шынымен тиімдірек болады деген.

Үкімет басшысының орынбасары депутаттардың бұл бастамасын қолдамады.

«9-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй үшін бастапқы жарнаның мөлшерін төмендетуге қатысты келесіні атап өткен жөн. Несие бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен кредиттік тәуекелдер үшін қаржылық тәуекелдерді міндетті сақтандыру болып табылады.  Банктердің мақсаты несие алушының төлем қабілеттілігін сапалы және теңгерімді бағалау болып табылады, бұл оған болашақта ипотекалық несие төлеу арқылы жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді.  Бұл ретте, бастапқы жарна мөлшерінің төмендеуі несие алушыға ай сайынғы қаржылық жүктемені ұлғайтады, сондықтан ол тиімсіз болып саналады.  Алайда, табысы төмен азаматтарға бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде қаржылық қолдау көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын бөледі», - дейді Скляр жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев салық заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды
Бүгін, 17:10

Тоқаев салық заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды

Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін
Құрылтайшылардың бәрі – партияның қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері.
Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →