×

Алматы облысында жаңа әкім тағайындалды

Ол әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеген

Алматы облысында жаңа әкім тағайындалды
Фото: instagram.com/ile_akimat

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.

Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді:

  • Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті,
  • Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы,
  • Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары,
  • Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы,
  • Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары,
  • Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары,
  • Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ипотекамен үй сатып алғандар да декларация тапсыратын болды
Кеше, 15:57

Қазақстанда ипотекамен үй сатып алғандар да декларация тапсыратын болды

Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды
2025 жылы азаматтардың қалған категориясын декларация тапсыру міндетінен босату туралы ұсыныс қолдау тапты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →