×

Қазақстан қауіпсіздік шараларын күшейтуде: Премьер-Министр жедел кеңес өткізді

Бұл шаралар халықаралық шиеленістің күшеюімен байланысты қабылдануда

Қазақстан қауіпсіздік шараларын күшейтуде: Премьер-Министр жедел кеңес өткізді
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиын барысында Украинадағы қақтығыстың ушығуына байланысты Қазақстанның стратегиялық нысандарын қорғау шаралары талқыланды.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, инфрақұрылымды қорғау, көлік қауіпсіздігі және өмірлік маңызды нысандардың тұрақты жұмыс істеу мәселелері қаралды. Министрліктердің өкілдеріне әрекеттерді үйлестіруді күшейту және жағдай өзгерген жағдайда шұғыл түрде ақпарат беру тапсырылды.

Бұл шаралар халықаралық шиеленістің күшеюімен байланысты қабылдануда. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Курск және Брянск облыстарына жасалған жоғары дәлдіктегі қару шабуылдарына жауап ретінде жаңа баллистикалық зымыран қолданылғанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Санкт-Петербург қаласына барды
Кеше, 17:27

Президент Санкт-Петербург қаласына барды

Оны қала губернаторы қарсы алды
Мұндай саммиттер Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі орны күшейіп, жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқара бастағанын көрсетеді
Қайтарылған активтер: 577 сауда, 38,4 млрд теңгенің мүлкі сатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →