×

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Сурет: gov.kz

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды”, – делінген Үкімет қаулысында.

Дмитрий Мун Андреевич

Білімі:

2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:

2014 жылғы тамыз - 2017 жылғы қыркүйек аралығы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да, «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеді;

2017 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы қараша аралығы – ҚР прокуратурасының лейтенанты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Аналитикалық бөлімінің бастығы;

2019 жылғы қазан - 2023 жылғы тамыз аралығы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да инженер-бағдарламашы, жоба жетекшісі, Big Data жөніндегі басқарушы директор;

2023 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, одан кейін Басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметтерін жасаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →