×

Ғабит Сыздықбеков: Жүйемен күресу қиын екенін Шымкентке келіп білдім

Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр

Ғабит Сыздықбеков: Жүйемен күресу қиын екенін Шымкентке келіп білдім
Коллаж Qaz365.kz

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланың білім басқармасын басқарған Нұргүл Шәмшиева неге қызметтен кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Брифинг кезінде әкімге сұрақ қойылды. Шымкенттің білім басқармасына Нұргүл Шәмшиева жетекшілік еткен кезде БАҚ беттерінде көп мәселе көтерілді. Әсіресе, мемлекеттік мектептер мен колледждердегі мемлекеттік сатып алу төңірегінде мәселелер көп туындаған. Білім саласы ең үлкен сала. Сол басқарма басшысы қызметінен бір жылдан кейін кетіп қалған. Себебі неде деп сұрады тілші.

«Нұргүл Шәмшиева ханымға мен толықтай сенем. Ол кісіні осы жерге алып келген себебіміз – ол адал азамат. Былық болып жатқан салалардың бірін ретке келтіреді деген ниетпен алып келдік. Бюджеттің үштен бірі білімге бөлінеді. Ол жақта сатып алу конкурстарында да проблемалар болды. Ашығын айтқанда, балалардың тамағы жағынан да. Бұрыннан келе жатқан жүйелі түрде жұмыс істеп компаниялар, адамдар болды. Ұйымдасқан бір топ адамдар болды. Оның бәрін ол кісі қолынан келгенше тоқтатып, бұзуға тырысты», - деді ол.

Әкімнің сөзінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де істі болып, соты өтіп, қазір жазасын өтеп жатыр. 

«Себебі (кету себебі) адам – адам болғаннан кейін әйел кісі шаршайды ғой. Жүйемен күресу қиын екенін осы жаққа келіп білдім. Бұрыннан қалыптасқан жүйемен. Сол себепті кетті деп ойлаймын», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →