×

Қазақстан 15 жылға 600 млрд теңге қарыз алатын болды

Қазақстан 15 жылға 600 млрд теңге қарыз алатын болды
Фото: freepik.com

Мәжіліс Азия Даму банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды, Qaz365.kz.

Қазақстан Азия Даму банкінен – 52,3 млрд йен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен - 52,7 млрд йен, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд йен тартады. Жалпы сомасы 190 млрд йен қарыз алмақ.

Заң жобасын Қаржы министрі Мәди Тәкиев түсіндірді.

Үкімет ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Азия Даму Банкінің қарызы Қазақстанға 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 52,3 млрд йен сомасында 15 жыл өтеу мерзімімен беріледі, - дейді министр.

Бұл теңгеге шаққанда 600 млрд теңге болмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі болып қала береді»: Тоқаев Путинді қарсы алды
Бүгін, 18:17

«Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі болып қала береді»: Тоқаев Путинді қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ол бұл қызметті 2018 жылдан бастап атқарып келді
Бұрын аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →